2024 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Саран техникалық колледжінде «Sanaly Urpaq» клубы мүшелерінің басқосуы өтті.
Кездесу «Қазақстан – менің тағдырым» тақырыбында дөңгелек үстел форматында өтті.
Шара барысында «Қазақ халқының ежелден тәуелсіздік үшін күресі», «Алаш және қазақтың ұлттық идеясы», «Желтоқсан 1986, елдің саяси өмірін демократияландырудың ұйытқысы» атты баяндамалар тыңдалды. 1 және 2 курс студенттері жаңа тарихтың қазіргі кезеңіндегі Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен жетістіктері туралы мәліметтер дайындады.
12 декабря 2024 г. в преддверии Дня Независимости РК в Саранском техническом колледже состоялся слёт членов клуба “Sanaly Urpaq”. Встреча проходила в формате круглого стола на тему «Казахстан-моя судьба». В ходе мероприятия состоялись выступления «Борьба казахского народа за независимость с древних времен», «Алаш и казахская национальная идея», «Желтоксан 1986 года, как катализатор демократизации политической жизни страны». Студенты 1 и 2 курса подготовили информацию о развитии и достижениях независимого Казахстана на современном этапе новейшей истории.
@obb_qaragandy
@umckrg
@saryarkadaryny.kz