Skip to content

Жексембаев Мүсірәлі-Саран қаласының тұрғыны, Саран техникалық колледжінің қазақ тілі мен…

Жексембаев Мүсірәлі-Саран қаласының тұрғыны, Саран техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Байтурсынова Галия Мусиралиеваның әкесі.
Жексембаев Мүсірәлі – Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. Жексембаев Мүсірәлі 1923 жылы 17 қарашада Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қусақ ауылында дүниеге келген. 2001 жылдың 3 тамызында дүниеден өтті.
Жексембаев Мүсірәлі 1941 жылы 18 жасында өз еркімен сұранып, майданға аттанды. 5 рет жарақат алып, соғыстың соңына дейін болған. Азат етуге қатысқан елдер мен қалалар: Сталинград, Харьков облысы Изюм қаласы, Карелск, Выборг, Минск, Митава, Рига, Литва, Польша, Оңтүстік Шығыс Кенигсберг, Кенигсберг, Дампиг, Берлин, Жапония майданы, Маньчжурия-Чанчунь қаласы.
Марапаттары: “Қызыл Ту “ордені, Даңқы орденінің толық кавалері, жауынгерлік медалі, Сталинград, Кенигсберг, Берлин қалаларын азат етуге қатысқаны үшін медалдары, И. В. Сталиннің жарлығымен 14рет “Алғыс хаттарын” алған. 45 жыл ұстаз болып еңбек етіп, “Қазақ ССР халыққа білім беру ісінің үздігі” және “Еңбек ардагері” медалімен марапатталған. 13 бала тәрбиелеп өсірген құрметті әке.
#МояИсторияПобеды #80летПобеды, #МеніңЖеңісТарихым, #Жеңіске80Жыл
@saran_today

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *