Skip to content

Ынтымақтастықты дамыту мақсатында Саран техникалық колледжінде Қарағанды облысы білім басқармасының…

Ынтымақтастықты дамыту мақсатында Саран техникалық колледжінде Қарағанды облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қ.Т.Оспанова, Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Т.Г.Нартова, колледж директоры А.М.Есимханова және Қазақстан ыстық мырыштау зауытының директоры А.В.Ларионовпен кездесу өтті. Кездесу барысында Саран техникалық колледжі мен кәсіпорын арасында бірлескен жұмыс жоспарлары талқыланып, колледж студенттерінің металлургия және ыстық мырыштау технологиялары саласындағы кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған ынмақтастықтың негізі аспектілері қарастырылды. Кездесу сонында тараптар Жол картасына қол қойды, бұл бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз болады,оның ішінде зауытта студенттер үшін тәжірибелік сабақтар мен тәжірибелерді ұйымдастыруға бағытталған жұмыстар да бар.
Колледж студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойылды. Студенттер Қазақстанның ыстық мырыштау зауытында өндірістік тәжірибеден өте алады, нақты өндірістік жағдайларда құнды білім мен дағдыларды алады. Бұл ынтымақтастық студенттерге теориялық білімдерін шыңдап қана коймай, қазіргі еңбек нарығының талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді.

@obb_qaragandy
@umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *