«Саран техникалық колледжі» КММ-де «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша қазақ тілінде оқытатын топтар ашылуына байланысты ОӨЖ жөніндегі директордың орынбасары Ахметов А.А. және Елубаев Е.А., Сейтбеков С.Б., Адырбеков К.И. Мәнжі батыр атындағы Қаражар ЖББМ оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар мамандықтармен, колледжге түсу қағидаларымен танысты. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.
