Skip to content

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарын…

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарын іске асыру аясында КМКҚ «Саран техникалық колледжінде» «Нашақорлық – ғасыр дерті: қалай алдын алу, тану және көмек көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, нашақорлықтың алдын алу және оған қарсы күресте тиімді тәсілдерді талқылау. Іс-шараға келесі мамандар қатысты: Саран қаласы ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Жаркенов Ж.Б.,жедел уәкіл Бакиров Нурлан Калиевич, Саран қалалық ауруханасының наркологиялық кабинетінің медицина қызметкері Бейсенова Гүлім Нәзәриденқызы, Саран қаласының жастар денсаулығы кабинеті психологы Шевкунова Ольга Владимировна. Дөңгелек үстел барысында мамандар студенттерге нашақорлықтың зияны мен ауыр салдары туралы кеңінен түсіндіріп, нақты тәжірибеден мысалдар келтірді, сондай-ақ уақытылы көмекке жүгінудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара сенімді және еркін атмосферада өтті. Студенттер тақырыпқа белсене араласып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

В рамках реализации Комплексного плана по борьбе с наркоманией и наркобизнесом в РК в КГКП «Саранский технический колледж» состоялась встреча на тему: «Наркомания-болезнь века: как предотвратить, распознать и помочь».
В мероприятии приняли участие: инспектор ГЮП ОП города Сарани, старший лейтенант полиции Жаркенов Ж.Б., оперуполномоченный Бакиров Н.К., медицинский работник наркологического кабинета городской больницы города Сарань Бейсенова Г.Н, психолог кабинета молодежного здоровья города Сарань Шевкунова О.В. В ходе встречи специалисты подробно рассказали студентам о вреде и последствиях употребления наркотиков, привели примеры из практики, подчеркнули важность своевременного обращения за помощью.Мероприятие прошло в доверительной атмосфере, студенты приняли активное участие в обсуждении, задавали вопросы.
@upn_dp_karaganda
@saran_qalasynyn_polisia_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *