2025 жылғы 11 қараша күні Саран техникалық колледжінде студенттердің грек-рим күресінен Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Саран қаласының спорт мектебінің (СДЮШОР) тәрбиеленушісі Ибрагим Магомадовпен кездесу өтті. Кездесу барысында Ибрагим Магомадов өзінің спорттық жолы, күрестегі алғашқы қадамдары, халықаралық жарыстарға дайындық барысы, сондай-ақ жоғары нәтижелерге жетудегі тәртіп пен табандылықтың маңызы туралы әңгімеледі. Студенттер спортшыға үлкен қызығушылық танытып, жаттығу үдерісі, психологиялық дайындық, дұрыс тамақтану және болашақтағы жоспарлары жөнінде сұрақтар қойды. Іс-шара соңында қатысушылар чемпионмен естелікке ортақ суретке түсіп, әсерлі кездесу үшін ризашылықтарын білдірді. Мұндай кездесулер жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, студенттердің салауатты өмір салтына, табандылық пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастырады.
11 ноября 2025 года в КГКП «Саранский технический колледж» состоялась встреча студентов с чемпионом Азии по греко-римской борьбе, мастером спорта международного класса, воспитанником СДЮШОР города Сарани Ибрагимом Магомадовым. В ходе встречи Ибрагим Магомадов рассказал о своём спортивном пути, первых шагах в борьбе, подготовке к международным соревнованиям и значении дисциплины и упорства для достижения высоких результатов. Студенты с большим интересом задавали вопросы о тренировочном процессе, психологической подготовке, питании и планах спортсмена на будущее. В завершение мероприятия участники сделали совместное фото и поблагодарили чемпиона за вдохновляющую встречу. Подобные встречи способствуют развитию интереса молодёжи к спорту, формируют у студентов стремление к здоровому образу жизни, настойчивости и самосовершенствованию.
@obb_qaragandy
@ibragim_magomadov_01
