2022 жылдың 18 қарашасында «Саран техникалық колледжі» КММ “Оқуға құштар колледжі” атты тұжырымдама аясында қазақ тілі және әдебиет пәндерінің оқытушылары Байтурсынова Г. М. және Рыспаева Г. Ж., 1, 2 курс студенттерімен бірлесіп “Бабалар үні ” атты ауызша журнал өткізді.
Ауызша журнал «Бабалар үні» іс шарасында студенттер Қазақстан Республикасының рәміздеріне байланысты пайдалы тарихи ақпараттар алды. Студенттер бейнероликтер, презентацияларды тамашалай отырып, сұрақ-жауап арқылы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері басынан өткізген тарихи жағдайлар жайлы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының «Еңселі Елтаңбасы» жайлы бірінші курс студенті Қасенов Данияр, «Тұғырлы Туымыз» жайлы екінші курс студенті Персиянов Никита және «Асқақтаған Әнұран» жайлы бірінші курс студенті Нұрлибеков Нурислам тарихи ақпараттар беріп мағынасын түсіндірді.
#студенттікпарламент
#студенческий_парламент
