22.09.2022 жылы Саран техникалық колледжінде Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына және Мұхтар Әуезовтың 125-жылдығына орай «Алаш көсемі – А.Байтұрсынұлы және Алаш аманатын орындаған М.Әуезов» атты әдеби кеші өтті. Әдеби кеште студенттер ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, кітаптары және ғылыми еңбектері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар студенттерге Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолынан қысқаша фильм көрсетілді. Қатысушылар 1, 2, 3 курс студенттері. Ұйымдастырушылар: Байтурсынова Г. М., Рыспаева Г. Ж., Гофман М. А., Баженова Е.В.
#студенческий_парламент
