2025 жылғы 3 қыркүйекте ГЮП аға инспекторы Жаркенов Ж. КМҚК «Саран техникалық колледжі» студенттерімен жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында аға лейтенант Жаркенов Ж. әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы айтып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттерін еске салды, сондай-ақ күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Әсіресе киберқауіпсіздік мәселелеріне, алкоголь мен есірткінің зиянына, сондай-ақ қоғамдық орындардағы тәртіп ережелеріне ерекше назар аударылды.
@obb_qaragandy
@saran_qalasynyn_polisia_bolimi